Қостанайдағы «Наурыз» шағын ауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде 6 қабаттан құлаған 6 жасар қыз бала көз жұмды.
Оқиға жұма күні таңертең анасы баласын үйіне қалдырып, шығып кеткен кезде болған. Үйде жалғыз қалған бүлдіршін терезенің алдына барып, сыртқа қарап тұрғанда құлапты. Сол күні ауыр жарақатпен облыстық балалар ауруханасына түскен бүлдіршіннің өмірін дәрігерлер ажалдан арашалай алмады.