Жарық жоқ, ақша ұрланған
Қала іргесіндегі «Садовод-Строитель» бақ қоғамында үш ай бұрын басталған даулы мәселе шешімін табар емес. Мамыр айының тоғызында саяжайда трансформатор істен шығып, тұрғындар электр жарығынсыз қалған еді. Әзірге жарықсыз қалған жандардың жанайқайына құлақ асар ешкім жоқ.
Саяжай тұрғындарының айтуы бойынша, мамырдың тоғызында трансформатор істен шыққан. Жаңа трансформатор алу үшін бақ қоғамы тұрғындардың әр қайсысынан жиырма мың теңгеден ақша жинады. Әне-міне жарық қосады деп отырғанда жиналған ақшаның ұрланғаны анықталды. Пәле бір айналдырса шыр айналдырады деген осы болар. Енді ақша да жарық та жоқ. Саяжайдағы оқиға туралы газетімізден толығырақ оқи аласыздар.
Қымбат Досжанова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай