Үлкенге – құрмет

Қариясы бар елдің бірлігі бекем, берекесі мол боларын бізге дейінгілер айтып кеткен, хатқа түйіп жазып кеткен. Ағайынның арасын жалғап, ел ішінің татулығын сақтай білген де абыз ақсақалдар. Біздің арамызда Ұлы Отан соғысында көзсіз ерлік жасаған майдангерлер, тыл еңбеккерлері, елдің дамуына үлес қосқын еңбек ардагерлері бар. Олардың басын қосып, бір арнаға тоғыстырып отырған облыстық ардагерлер ұйымы туралы газетімізде талай мақалалар жазылды. Бүгінде сол ұйымның құрылғанына 30 жыл толыпты._MG_1147Қостанайдағы орыс драма театрында отыз жылдық мерейтойға арналған салтанатты жиналыс өтті. Маңызы мол, салиқалы да салмақты іс-шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, облыстық мәслихаттың хатшысы Сайлаубек Ещанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин қатысты. Аудандық, қалалық ардагерлер ұйымдарының төрағалары мен аймақтың құрметті азаматтары да осы жиынға келіпті._MG_1281
_MG_1157Салтанатты жиналыста Кенжебек Укин ұйымның негізгі қызметі туралы баяндама жасады. Отыз жылда атқарылған істер көл-көсір. Әсіресе, жас ұрпақты патриоттыққа баулуда адыңғы тоқынның өнегелі істері мол. Қоғамдағы аға буынның орны туралы майдангер Қасымқан Алдабергенов тебірене сөйлеген еді. Жиналыста Қостанай облысындағы ардагерлер қозғалысының дамуына үлес қосқан белсенді ардагерлер Қостанай облысы әкімінің және облыстық мәслихаттың грамоталарымен марапатталып, мерейтойлық медальдармен наградталды._MG_1172Архимед МҰХАМБЕТОВ, облыс әкімі:
-Халқымызда «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген қанатты сөз бар. Көпті көрген, жақсы істі көңіліне түйген ардагерлеріміздің айтары мол, үйретер өнегесі көп. Сондықтан, біз қай уақыттарда да аға буын өкілдерінің ақыл-кеңестеріне арқа сүйеп, әрбір істі бастарда батасын алып отырамыз. Сіздер қан майданда ерлікке толы ауыр жолды бастан кешіп, ерлікпен елдің еңсесін көтердіңіздер. Ешбір тыным таппастан халыққа қалытқысыз қызмет жасадыңыздар. Тәуелсіздік алған жылдары Елбасымызға қолдау көрсетіп, кейінгі ұрпақты елжандылыққа шақырып келесіздер. Сіздерден үлгі алған мына біз және кейінгі өскелең ұрпақ егемендіктің іргесін нығайтып, кемел келешекке қарқынды қадам бастық. Қазіргі уақытта мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты халыққа Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыруға кірісіп кетті. Осы ауқымды істерге де біздің ардагерлеріміздің белсенді араласып жатқанын білемін. Осындай ұлағатты істер үшін сіздерге шексіз алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Қазақстанның патриоттарын тәрбиелеу ісіне үлестеріңізді қосып, ортамызда аман-есен жүре берулеріңізге шын жүректен тілектеспін._MG_1179Қасымқан АЛДАБЕРГЕНОВ, Ұлы Отан соғысының ардагері:
-Қоғамдық және мемлекеттік қызметінен қол үзіп, зейнеткерлікке шыққан адамның абдырап қалары анық. Міне, осы бір тұста қолтығынан демеп, қамқоршы болар бір ұйым бар. Ол – ардагерлердің қоғамдық ұйымы.  Бұл ұйымды халық та, үкімет те қолдап келеді. Жастарға патриоттық тәрбие беруде ардагерлер кеңесінің жұмысы ұшан-теңіз. Қарттар қашан да келер ұрпағының қамын, болашағын ойлайды. Аға буынның ұрпағы үшін алаңдауы заңдылық. Міне, осы бір алаң кезеңді дөп басып, халықтың болашағына айқын жол ашқан Президентіміз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жария етті. Елбасы өз мақаласында ұлттық кодты сақтау, төл мәдениетімізді жаңғырту туралы айтты. Ұлттық код деп отырғанымыз – қазақтың бүкіл болмысы, жаратылысы, салт-санасы, ақыл-ойы, ар-намысы.
_MG_1142Бақытжан МҰТТАҚОВ, Науырзым аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
-Бүгін бір қуанышты жағдай болып отыр. Осыдан отыз жыл бұрын ардагерлер кеңесі құрылған еді. Біз ардагерлер ұйымының отыз жылдығын аудан деңгейінде өткіздік. Бүгінде ауданымызда 1090 зейнеткер бар. Оның екеуі соғыс ардагері. Соғыс және еңбек ардагерлеріне барынша құрмет көрсетіп, мереке сайын құттықтауды ұмытпаймыз. Өйткені, біз сол кісілердің ерлігінің арқасында егемендікке қол жеткіздік. Майдангерлердің батырлық істерін ұмыту мүмкін емес.
_MG_1217
_MG_1214
_MG_1231
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓