Мүгедектер үшін жаңа жоба

«Үміт-Надежда» ҚБ облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы аталмыш қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Аруна Жақсағұлова айтты. IMG_9341
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша кәсіпорындарда жұмыс істейтін мүгедектер туралы үш бейнеролик түсіру жоспарлануда. Жаңа жобаның мақсаты мүгедектердің мүмкіндігі мол және жұмыс істеуге қабілетті екендіктерін көпшілікке паш ету. Бейнороликтің кейіпкерлері Сарыкөл, Қарасу, Лисаков, Денисов, Федоров аудандарындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арасынан іріктелетін болады. Аталған аудандардағы мүгедектерге жыл бойы құқықтық-психологиялық кеңестер беріледі. Жұмысқа орналасу, білім алу, тұрғын үй кезегіне тұрудың жолдары, тәртібі мен ережелері туралы ақпараттармен хабардар етпек. Сондай-ақ үш оқыту семинар-тренингі өтеді.Оның алғашқысы үшінші сәуірге жоспарланған. 
-Семинар-тренингтерде ҮЕҰ құру, әлеуметтік мемлекеттік тапсырысқа қатысу жолдары, байқау құжаттарын дайындау туралы айтылмақ. Мұндай іс-шаралардың мақсаты-мүгедектердің білімін, белсенділіктерін арттыру,-деді «Үміт-Надежда» ҚБ төрағасының орынбасары Аруна Жақсағұлова.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓