Жаңа көлік құрастырыла бастады

            Өзбекстандағы Ravon жеңіл автомобильдер өндіруші және экспорттаушы  «GM Uzbekistan» АҚ еліміздегі көлік құрастыратын  «AllurGroup» компаниясымен  бірлесіп, Қостанайдағы «СарыАрқаАвтоПром» зауытының алаңында Ravon Nexia R3  сериялық көліктерін шығаруға кірісті.  Бұл туралы аталған кәсіпорынның  баспасөз қызметі хабарлайды.колик
          Бұған дейін қазақ-өзбек бизнес форумы аясында «АҚ GM Uzbekistan» және «Сарыарқаавтопром» ЖШС бірлескен жобасын іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын. Осыған сәйкес  «Сарыарқаавтопром» кәсіпорынының өндірістік алаңына аудит жүргізген GeneralMotorsKorea компаниясының мамандары  кәсіпорынның көлік құрастыруға қажетті барлық талаптарға  сай екендігін қуаттады.
          Осылайша, Қазақ-өзбек іскерлік байланысы жаңа сатыға көтерілді. Өзара қарым-қатынастықтың келесі кезеңінде автокөлік құрастыру  желісін кеңейту көзделіп отыр.
           Ravon көліктерінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – «УЗАВТО АЗИЯ»  жаңа көліктерді «AllurAuto» автоорталығы арқылы сатуды жүзеге асырмақ. Бүгінгі таңда  RavonNexiaR3 көлігі бағасы мен сапасы жағынан тұтынушылар үшін ең тиімді қатынас құралы. Қазақстанда құрастырыла бастаған жаңа көліктерді жеңілдетілген несиемен сатып алуға да болады.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓