Абайсыздықтан суға кетті
Ұзынкөл елді-мекенінде орта жастағы әйел «Балықты» өзеніне батып өлді. Қостанай облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің судан құтқару қызметінің хабарлауынша нәзік жан иесі абайсыздықтан судың құрбаны болған.
Облыс көлемінде, соңғы аптада 3 адам суға кетті. Сонымен қоса, 19 мамыр күні бір балықшы тілсіз жаудан қаза тапты.
Махаббат Бекбай