Ораза тұт, нәпсіңді тый, мұсылман!

Алла бізге парыз етіп ұсынған,
Ораза тұт, нәпсіңді тый, мұсылман.
Оразадан жан-дүниең жаңарып,
Тән тазарар тәхарат пен ғұсылдан.
 
_MG_1079Рамазан айы – айлардың сұлтаны. Басқа айлармен салыстыра қарағанда, Рамазан айында мүміндерге ерекше мол сауап беріледі. Бұл айда ораза ұстаған адам жаны мен тәні тазаруы үшін жаман істер жасаудан тиылу қажет. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с): «Рамазан келгенде жұмақтың қақпалары ашылып, тозақтың қақпалары жабылады әрі шайтан атаулының бәрі кісенделеді»-деген (Имам Бухари).
_MG_1085Бұл ай –  жылына бір рет келетін зор мүмкіндік. Сондықтан ғибадат айында ерекше рухани күйде іс-амалдарды електен өткізіп, иманды жаңартуға, ізгілік істер арқылы жүректі жұмсартуға тырысу керек. Ал осы бір мүмкіндікті кәдеге жарата алмау нағыз немқұрайлылықты білдіреді. _MG_1093Қадірменді мұхтарам жамағат, Алла Тағала алдымызда келе жатқан мүбарак Рамазан айын және ұлық Қадір түнін баршамызға құтты қылып, Осы айды Алла разылығы үшін тағат-ғибадатпен өткізуді шын жүрегімізден ынталандырсын. Еліміз көркейіп, дініміз өркендей берсін!
_MG_1096
_MG_1098
_MG_1072
_MG_1100
 
Суретте: Ауызашар қарсаңындағы Аймағанбет қажы Спанұлы мешітінде өткен діни іс-шаралардан көрініс.
Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы,
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓