“ЕЛДІКТІҢ АСЫЛ ТІРЕГІ – АТА ЗАҢ!” осындай атаумен мерекелік концерт өтті

Ата Заңға – 20 жыл! Бұл, тарихи бағаммен дөңгелектегенде, аса көп те уақыт емес. Дегенмен, осы жылдар ішінде егемен елдің еңсерген еңістері ересен. Коституция – дамушы мемлекеттің шыңға шығандауының басты кепілі, тәуелсіздіктің тұтқасы, бірлік-берекенің ұйытқысы. Сондықтан да оның маңызы маңғаз, құны қастерлі. Сондықтан да Конституия күні – мерекелердің төресі.

ата зан
Елдің түкпір-түкпірінде тойланып жатқан айтулы мейрамды астықты өлке де бүгін сән-салтанатымен атап өтті. Қостанайдың сити-орталығында қала тұрғындары мен қонақтарына арналып "Елдіктің асыл тірегі – Ата Заң" атты концерттік бағдарлама қойылды.IMG_3548
Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары мерекелік концерт шымылдығын әсем ән-күймен ашып берді. Мәдениет қайраткері А.Бубеньконың жетекшілігіндегі Республикадағы бірегей муниципальді үрмелі аспаптар ансамблі көрермендерді әуелеген әуезді әуенге ұйыта білді.IMG_3555
IMG_3557
IMG_3553
IMG_3566
Қалалық мәслихат хатшысы Н.Халықов сахна төріне көтеріліп, қостанайлықтарға құттықтау лебізін жеткізді. Ізінше «Мирас» ұлттық ансамблі патриоттық әндерден шашу шашып, көркем мейрамның көрігін қыздырды. IMG_3608
IMG_3558
Жиналғандар өзге де жас дарынды әртістердің өнеріне қарық болып, тәнтілік танытып, қошемет білдірді.IMG_3594
IMG_3561

Айта кеткен жөн, мереке бұл концертке дейін «Конституция жаңа дәуірдің бастауы» атты тағылымдық іс-шарадан басталды. Одан бөлек, түрлі мекемелерде «Құқығым бар» атты ойын-турнирлер ұйымдастырылды. Негізгі салтанатты шарада қоғамның дамуына қызмет еткен облыстағы майталман мамандар марапатталды. Сондай-ақ, таңғы сағат 10.00-де зиялы қауымның қатысуымен «Ел тарихы» атты кездесу ұйымдастырылды. Онда Зайырлы мемлекеттің бас құжатының тарихы әңгімеленді. 

Жандос Жүсіпбек
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓