Адвокаттар ақысыз қызмет етеді
ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев адвокаттардың жылына белгілі бір сағаттар көлемінде халыққа тегін қызмет көрсетуіне міндетті болатын жүйені енгізу ұсынысын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Қазақстанда адвокатура институтын дамыту үшін «Probono» жүйесін енгізу қажет. Ал оны енгізу үшін адвокаттарды азаматтарға заңгерлік көмекті жылына тиісті сағаттар көлемінде бюджеттік өтеусіз көрсетуге міндеттеу қажет. Сонымен қатар қорғаушы тоқсан сайын алқаға аталған көмекті көрсету бойынша есебін таныстыруы тиіс», – деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Оның атап өтуінше, «Probono» жүйесі халықтың әлеуметтік әлсіз тобына ақысыз заңгерлік көмекті қамтамасыз ету қадамын ескереді.
«Азаматтардың заңгерді таңдау кезінде бұл жүйе ең маңызды өлшем болып табылады. «Probono» аясындағы сапалы жұмыс заңгерге сенімді арттырады және ол үшін табыстылықтың салмақты нышаны болып табылады», – дейді Бекетаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, министр Қазақстанда қорғаушылар жетіспейтіндігін және олардың қызметі құны азаматтар үшін тым қымбат екенін айтқан болатын.