Рудныйда бопсалаушылықпен айналысқан мигрант ұсталды
"Мигрант" республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Рудный қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметінің мамандары Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарына мемлекетаралық іздеуде жүрген 27 жастағы Ресей елінің азаматын қолға түсірді.
Бұл ақпарат Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алу мәселесі бойынша осы азамат көші-қон қызметіне жүгінген кезде анықталған. Күдікті 2022 жылдың желтоқсанында Қазақстанға Түркиядан келген, көрші мемлекеттің аумағында "Бопсалаушылық" деректері бойынша іздеуде болған. Полиция қызметкерлері ресейлік азаматты уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Минск конвенциясы аясында айыпталушы РФ Санкт-Петербург қаласына жіберу туралы шешім қабылданды
Қостанай облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Қайрат Дүтпаев облыста "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде ҚР аумағында болу ережелерін бұзған 29 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, 3 шетелдік азамат елден шығарылғанын хабарлады. Сондай-ақ, аймақтың 43 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар шетелдік азаматтарды қабылдау ережелерін бұзғандары үшін айыпталған.