Пәтерге түсіп, кеңсе тонаған

Қостанайда он шақты үйді тонаған баукеспе ұры ұсталды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   ворПолицейлер мәліметі бойынша, 33 жастағы күдікті он шақты үйге ұрлыққа түскен, ал келген шығын – жүз мыңдаған теңге. Ол осы кезге дейін пәтерлер мен кеңселерге ұрлыққа түсіп, құнды заттар мен тұрмыстық техниканы қолды етіп отырған. Күдікті еш жерде жұмыс істемейді және мұның алдында да бірнеше рет істі болған.
Қазіргі кезде криминалдық полиция қызметкерлері оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.  Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. ҚР ҚК-нің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓