Егіс жұмыстары аяқталуға жақын (ЖАҢАРТЫЛДЫ)
Облыс диқандары көктемгі егіс жұмыстарын аяқтауға жақын. Мәселен, әл-әзір Науырзым ауданындағы дала жұмыстарының 70 пайызы еңсерілген. Маусымға дейін толығымен бітуі тиіс. Осы және басқа да жұмыстардың барысын бажайламақ үшін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Науырзым ауданына іссапармен барды. Жұмыс барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.Өңір басшысы әуелі "Шаңырақ" қонақүйіне соқты. Аудан орталығындағы әлеуметтік нысан биыл наурыз айында ашылған-ды. Осы жердің тумасы Бақытжан Мұттақов бұған дейін ауылдың құтын қашырып тұрған ескі ғимаратты сатып алып, жаңа өң берген. Ол ғимаратты өз қаржысына салып, қонақтарға сапалы қызмет көрсетіп отыр. Бақытжан ағамыз ендігі "ЭКСПО-2017" көрмесінің тізіміне енген «Науырзым» қорығын көруге келген қонақтарды асыға күтіп жүр.
-Былтыр облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бастаған "Көркейе бер, Қостанай" акциясы туралы естіп едім. Кейін сол бастамаға аз да болса өз үлесімді қосайын деген ниетпен осы қонақүй құрылысын қолға алдым. Әуелі, ауылға қажетті, келешекте пайдасына жарар дүние ашу керек. Қарап отырсам, Қарамеңдіде барлық талапқа сай меймандарға арналған үй-жай жоқ екен. Жергілікті билікпен ақылдаса келе, осындағы ескі ғимаратты алып, соны қалыпқа келтіруді ұйғардым. Қонақүйдің бір бөлігі ұлттық нақышта, екіншісі еуропалық талаптармен жабдықталған,-дейді Б.Мұттақов.

Облыс әкімі қонақүйдің іші-сыртын аралап, өз ризашылығын білдірді. Науырзым – шетелдік меймандар жиі келетін аймақ. Сондықтан да заманауи қонақүйлердің болуы орынды. Сондай-ақ, алдағы уақытта Елбасының мақаласында айтылған "Туған жер" деген ұсынысы бойынша көптеген игілікті жұмыстар атқарылуы керектігін тілге тиек етті.
-Ұлт көшбасшысы "Туған жерге туыңды тік" деді емес пе. Сол себепті әр азамат өзінің туған ауылына көңіл бөліп, оның дамуына үлес қосуы керек. Сіздің бұл бастамаңыз көкпе үлгі болары сөзсіз,-деді өңір басшысы.
Бақытжан Мұттақов қазір 8 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Қонақүйдің құрылысына бас-аяғы 30 млн теңге жұмсаған. Ол бұған дейін осы ауылда наубайхана мен шағын тойхана да ашқан.Бұдан соң атқамінерлер Қарамеңдідегі Жамбыл орта мектебіне аялдады. Былтыр ғана бұл білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жасалған. Қазіргі таңда мектепте 280 бала білім алады. Биылғы түлек саны – 12. Өткен жылы бітірушілердің бірі "Алтын белгімен", енді бірі қызыл аттестатпен тәмамдаса, өкінішке қарай, биыл үздік бітірушілер жоқ.

-Былтыр мектепке 148 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Мердігерлік компания ғимаратты толықтай жаңартып, қажетті құрал-жабдықтарды әкелді. 84 компьютер, ер балалар мен қыз балалардың шеберханасына тоқара мен тігін машинасын орнатты. Мектептің жаңа кейпіне ұстаздар да, оқушылар да, ата-аналар да дән риза,-дейді мектеп директоры.
Облыс әкімі «Науырзым» қорығының тыныс-тіршілігімен танысты. Қорық Әулиекөл мен Науырзым ауданының аймағын алып жатыр, жалпы аумағы 190 мың шаршы метрді құрайды. ЮНЕСКО заңы бойынша қорық бөлек-бөлек орналаспауы қажет, сондықтан бұл мекен біріктіріліп, тұтастай қорғауға алынған.
Бұл қорық сонау 1931 жылы ашылған. Содан бері қаншама ғылыми экспедиция өтіп, бірталай ғалым өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол үрдіс әлі де тоқтаған емес.Еуропа, Азия, әрісі Америкадан да ғалымдар келіп, жыл сайын тәжірибелерін шыңдап кетеді. Дәл қазір мұнда санаулы күннен соң басталатын "ЭКСПО-2017" көрмесіне қызу дайындық жүруде.
-Көптен күткен халықаралық көрме өз бастауын алады. Қонақтарға қорықтың әсем табиғатын көрсетіп, тағылымды тарихынан сыр шерткен жөн. Сол себепті үш тілді қатар меңгерген азаматтарды шақыру керек. Әрдайым облыстың және еліміздің мерейін асырып, абыройын асқақтатып жүріңіздер. Науырзым қорығы өңір мақтанышы екенін ұмытпаңыздар,-деді облыс әкімі.Архимед Мұхамбетов Науырзым ауданының аумағындағы егістік алқапты аралады. Сондай-ақ, "Шолақсай-1" серіктестігінің диқандарымен жүздесті. Қазіргі таңда 70 пайыз жерге бидай себілген. Маусым айында толықтай аяқталмақ. Тәжірибелі диқандар биыл ас көп болады деп болжайды. -Ауданды тегіс аралап шықтым. Менің бірінші орынбасарым Қарасу ауданындағы егістікті бақылауда. Алдағы күндері Денисов және Қамысты аудандарына бармақпын. Қазіргі таңда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ең басты мәселе – дән себу жұмыстарын уақытылы аяқтасақ болғаны. 2018 жылға әзірлікті бастауымыз керек, сондықтан майлы дақылдар көлемін арттыруды жөн көріп отырмыз. Ауылшаруашылық министрімен бұл мәселені талқыладық. АӨК арқылы шаруашылықты қолға алсаңыздар, майлы дақылдарға субсидия бөлу қарастырылған. Өйткені, бүгіндері бидайға емес, дәнді дақылдарға сұраныс артып тұр. Әрине, Науырзым ауданының ылғалдылығы төмен, алайда, солтүстік аудандармен шекаралас аймақтарда оң нәтиже шығаруға болады. Дегенмен, бидайдың басым бөлігін сіздерден күтеміз,-деді Архимед Мұхамбетов.
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген автор.