Өрт қаупінің алдын алу – маңызды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту маусымында өрттің алдын алу мақсатындағы жұмыстар жүргізуде. Шара барысында Қостанай қаласы тұрғын секторларындағы 353 үйі қамтылып, 9 рет аудандарды аралап, тексеру жүргізді.пжарныйІс-шара аясына Қостанай қаласының үлкен сауда супермаркеттері, шағын аудандары мен жақын орналасқан ауылдық елді мекендері де кірді. Тұрғын үй секторларында тұратын 365 азаматпен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар жүргізілді. Тұрғындарға жылыту пештерін, жылытатын тұрмыстық электр құралдарын көшіргенде, тұрғын жайды, жер төле, шатыр асты, жедел саты кіре берісін және қоқыс салғышты тазалықта ұстау керектігі айтылып,  өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Сонымен бірге өрт қауіпсіздігі жазылған 895 үгіттеу материалдары таратылды.
 
                                                        Қостанай облысы ТЖД ӨҚСПҚжББ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓