Тәртіп сақшылары тәртіп бұзды (БЕЙНЕ)

Қостанай тұрғыны полицей көлігінің қатаң жол ережесін бұзу сәтін видеоға түсіріп алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. photo_37945
(сурет Тенгри ньюс сайтынан алынды)
Куәгердің айтуынша, оқиға 24 мамырда шамамен 16:00-де қалалық № 4 емхананың жанында болған. Видеода Lada маркалы автомобиль (мемлекеттік тіркеу нқмірі – 072 КР 10) рұқсат етілмеген белгіні елемей өтіп кеткен. "Ол жерден жүруге болмайды, ал ол өтіп кетті. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өзі ережені бұзады, шектен шыққандық", – деді ер адам. 
Қостанай облыстық ІІД өкілдері бұл көліктің полицейлерге тиесілі екенін растады. Ведомствоның мәліметінше, автомобиль Қостанай аудандық ішкі істер бөлімінің балансында екен. 
"Қазіргі уақытта ІІД-нің жеке құрамының инспекциясы қызметтік тексеріс бастады, толығырақ мәліметтер кейінірек хабарланатын болады", – деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓