Он екі айдың сұлтаны – Рамазан

Алдағы қасиетті Рамазан айына байланысты Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет журналистермен кездесті. Сондай-ақ, найб имам Дархан Сыздықов қазақ тілінде және Рудный қалалық «Нұр» мешітінің найб имамы Саян Қосжан қатысып, орыс тілінде ақпарат берді._MG_8856Алдымен, облыстың бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы БАҚ өкілдеріне Рамазан айына дайындық және ораза туралы айтып берді. Онда алдағы Рамазан айының ерекшеліктері туралы баяндалып, ораза ұстау, пітір садақа, Қадір түнінің артықшылықтары жайлы да сөз қозғалды.
Биылғы Рамазан айы 27-мамыр күні басталып, 29 күнге созылады. Ал, қасиетті Қадір түні маусымның 21-інен 22-не қараған түні өткізіледі. Ораза айт мейрамы маусым айының 25-нен басталады.
Пітір садақа көлемі Республика бойынша жан басына шыққанда 300 тенге болып бекітілгенін де айтылды.
 
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓