Мақсат- сыбайластық тәуекелдіктің алдын алу

Қостанай қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 2017 жылғы 25 мамырынан бастап «Қоғамдық омбудсменнің» қабылдауы жұмыс істейтін болады.  «Қоғамдық омбудсменнің» басты міндеті- әділдікті және қарапайым халықтың мүдделерін сақтау, әкімшілік кедергілерді  қолдан жасауға, сыбайластық тәуекелділікке жол бермеу.IMG_5564-Сондықтан да  омбудсмен тұрғындардың өтініштерін қарайды,  көрсетілетін мемлекеттік қызмет барысында  яғни мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында делдалдылыққа жол бермеу. «Қоғамдық омбудсмен» жобасы  осымен еліміздің Астана, Алматы қалаларымен қатар енді Қостанай қаласындағы   Мамандандырылған ХҚКО-да ашылып отыр. Арызданушылар омбудсмендерге өздерінің құқықтарын жүзеге асыруда кездесетін проблемалық, сондай-ақ өзге де жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша сұрақтар қойып, түсініктер, жауаптар алуларына болады,-деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы медиаорталығының жетекшісі Т. Байғұлов.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Алғашқы медиаорталықтың бұл бастамасы «Жолдарда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қолдауымен іске асырылып отыр. Осы жобаны іске асыру барысында  автоХҚКО қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін біршама азайтуға мүмкіндік береді деп күтіледі.
Міне, осы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А. Шпекбаев болып, жұмыстың барысымен танысты, орталықты аралап көрді.IMG_5602Орталықтағы «Қоғамдық омбудсмен» қабылдауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде «көмекшілер» –  яғни заңсыз делдалдар тәжірибесін жою мәселесіне үлкен мән беретін болады.
-Сол себепті де   полиция мен азаматтар арасында ешқандай делдалдық болмауы қажет, құқыққорғау органдарының қызметкерлері адал, ар-ұятымен  өз қызметтерін атқарса, жұмыс барысында ешқандай өзекті мәселелер туындамайтыны анық,-деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А. Шпекбаев.
– Біз  Қостанай қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО-да үш күн бойы жұмыс барысымен танысып, мониторинг жүргіздік. Еліміздегі барлық  орталықтың жұмыс тәртібі бірдей. Кемшілік те бірдей. Атап айтсақ, мәселен азамат көлігін техникалық бақылаудан өткізді делік, алайда Мамандандырылған ХҚКО-ның базасында ол мәлімет жоқ. Бағдарлама бойынша ол мәлімет базаға келіп түскен жоқ, сондықтан да әлгі азамат екі-үш күн  күтіп қалады.  Тағы бір, өзекті мәселе, ол салық. Атап айтқанда  Петропавл қаласынан келген азамат машинасын сатып, есептен шығып, салығын төлейді. Қолында барлық құжаттары бар, бірақ базада оның салық төлегені жөніндегі дерек жоқ. Міне, осы секілді мәселелерді алдағы уақытта болдырмауға тырысамыз. Сонымен бірге Қостанай қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО-дағы полиция қызметкерлерінің өздерінің полиция қызметкерлеріне тән формасымен отыруы- адамға бір түрлі әсер береді. Еліміздің басқа осындай орталықтарындағы полиция қызметкерлері  орталықпен келісе отырып, бірыңғай азаматтық форма киген. Сол секілді  полиция қызметкерлерінің  орталық қызметкерлерімен бірге отыруы да  бізге ұнамайды.  Көрсетілетін мемлекеттік қызмет дегеніңіз – ол арада ешкім болмауы керек, қарапайым тілмен айтқанда сіз оны, ол сізді танымауы, көрмеуі тиіс.  Тағы бір айта кететін жайт,  көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы да қымбат,-деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы медиаорталығының жетекшісі Т. Байғұлов.
«Қоғамдық омбудсменнің» қабылдауы  бір күндік жоба емес, ол  көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың  бір сөзбен айтқанда сіз бен біздің құқығымызды қорғайтын болады.  Және де Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Қоғамдық омбудсмен» сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓