«Жеңгетайлар» 5 жылға сотталды

Облыс орталығында жыныстық қызметке бойжеткендерді  саудалаған «жеңгетайлар» 5 жылға сотталды.
скачанные файлы Қостанай қалалық  № 2 сотында ҚР ҚК 271 б. 2 бөлімі. «а,б» тармақтары бойынша  қылмыст жасады деп айыпталған Т. мен Ч. қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.
Іс материалдары бойынша, 2013 жылғы қаңтар айынан 2014 жылғы мамырға дейін азаматша Т. Қостанай қаласында жеңгетайлық, яғни жезөкшелікпен айналысатын делдалдықпы кәсіп еткен. Ол пәтерді жалға алып және телефон байланысы арқылы диспетчер қызметін орындап жыныстық қызметі үшін тапсырыстар қабылдап, келісімнен кейін бикештерді тапсырыс берген орынға жіберіп отырған.
Азаматша Т. 2014 жылғы ақпанда азаматшы Ч.-ның науқасына байланысты жезөкшелікпен айналысуға мүмкіндігін жоғын пайдаланып оған «диспетчер» ретінде жеңгетайлықпен айналысуға ұсыныс жасайды. Ол өз кезегінде телефон байланысы арқылы табыскерлерден тапсырыстар қабылдау, журналға тапсырыстарды бекіту, қабылданған тапсырыстарды жүргізушілерге беру, өз көлігімен қыз балаларды тасымалдау міндеттерін жүзеге асырған. «ҚР ҚК 271 б. 2 бөл. «а,б» тар. көзделген қылмысты жасады деп танылған азаматшылар Т. мен Ч.-ның әр қайсысына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК 63 б. негізінде тағайындалған жазаны әрқайсысына 3 жылдан сынақ мерзімімен шартты деп саналды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓