Қар құрсауында қалған

Қостанай ауданының Суриков ауылы маңында екі ер адам көлікпенен қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жасағы бастығының орынбасары Сергей Шмидтке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 26 қаңтарда екі жас жігіт «Волга» көлігімен Суриков ауылынан Ресей шекарасына қарай бет алған. Олар жол қысқарту мақсатында Воскресенов селосы арқылы жүрмек болады. Алайда, екеуі жолдан шығып, адасып кеткен.
«Осы күні ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеген. Олар навигатордың көмегіне сүйеніп, алдымен, ауыл ішіндегі жолмен, кейін жолсыз далаға шығып кеткен. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарына тек 19:00-де кірісті. Қар құрсауындағыларды автокөліктің сынған бөліктері арқылы таптық»,- деді С. Шмидт.
Арнайы жасақ қызметкерлерінің айтуынша, көлікте жылы киім, қар аршитын құралдар, жанармай болмаған.
«Мұндай ауа райында адам өмірін сақтап қалуға болатын қарапайым нәрселерсіз алыс жолға шығуға болмайды. Егер бұл ауыл маңында байланыс жүйесі болмағанда, жағдай қайғылы аяқталушы еді», – деп есептейді Шмидт. Құтқарушылар ер адамдарды Қостанай ауданының Озерный кентіне дейін жеткізді.
 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓