Миссионердің қызметіне шектеу қойды

Лисаков қалалық соты ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын бұзғаны А. есімді азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Қостанай облыстық баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушы ер адам ата-анасының рұқсатынсыз кәмелетке толмаған екі жеткіншекті «Жатва» шіркеуіне қабылдап, оларды діни іс-шараларға қатыстырған. Бұл дерек жоғарыда аталған заңның 16-бабы, 3-тармағына қайшы. Сондай-ақ, ол 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Рудный қаласына қарасты Қашар кентінде жергілікті атқару органдарына тіркелмей миссионерлік қызметпен айналысқан. Тұрғындарға діни кітапшалар таратып, «Жатва» шіркеуін кеңінен үгіттеген.
Сот отырысында азамат өзіне тағылған кінәні мойындамады. Дегенмен Лисаков қалалық соты оның қызметіне шектеу қойып, 400 мың теңге көлеміндегі айыппұлды өндіріп алу туралы қаулы шығарды.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓