Коньки стадионы ашылды

IMG_1185Қостанайда "Технодом Арена" коньки тебу стадионы жаңғырту жұмыстарынан соң қайта пайдалануға берілді. Жаңарған спорт нысанының ашылуына облыс әкімі қатысты.
Жаңарған стадионның ашылуы салтанатты түрде өтті. Ежелгі дәстүр бойынша шашу шашылып, жас спортшылар өз өнерлерін ортаға салды. Бұл шараға өңір басшысы  қатысып, спорт нысанының ішкі-сыртқы көрінісін тамашалады.
– Кезінде жеке меншікке өтіп кеткен спорт нысанының орнына сауда орнын IMG_1221салуды жоспарлаған болатын. Бүгінде коньки тебу стадионы сақталып қалды. Толықтай жөн-деуден өткен нысанда үлкен-кішілер жаттығатын болады, – деді облыс әкімі Н.Садуақасов.
Аталмыш спорт нысаны 1980 жылы салынған. Ұзақ жылдан бері қостанайлықтардың игілігіне жарап  келеді. Ескірген нысанда жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін биылғы жылдың ақпан айында қала әкімдігі мен "Фаэтон" компаниясы" ЖШС өзара келісімге қол қойған болатын. Нәтижесінде нысанның әкімшілік ғимараты мен стадионы жаңарып, асфальт төсеніштері ауыстырылып, 32х68 метрлік шағын футбол алаңына жасанды төсеніштер және көрермендерге арналған 300 адамдық трибуна орнатылды. Нысанды жөндеуге 156, 8 млн. теңге жұмсалған.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
Суретте: облыс әкімі Н. Садуақасов жас спортшыларға  нысанның кілтін  табыстауда.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓