Парақор ұсталды
Рудный әкімінің орынбасарына пара берген кәсіпкер қамауға алынды. Қалалық сот «Өркен» ЖШС директоры Өмірхан Мүсірәлиевті пара бергені үшін қамауда ұстау түріндегі шарасын санкциялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Кәсіпкер 12 мамырда Рудный қаласы әкімінің орынбасары М. Досболовқа 15 млн теңге сомасында пара беру кезінде ұсталған.«Қомақты пара Рудный әкімдігінің «Темір-кен ТЭК» МҚК директорымен «Кәріздік тазалау құрылғыларынан Рудный қаласындағы Васильевкий буландырғыш қондырғысына дейін биологиялық тазаланған суды тасымалдау» объектісі бойынша орындалған жұмысты еш кедергісіз қабылдау, сондай-ақ «Өркен» ЖШС-нің есепшотына ақша қаражатын уақытылы аудару үшін берілген», – деді облыстық соттың баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, Рудный әкімінің орынбасары М. Досболов пара алғаны үшін екі айға тұтқындалған болатын.