Талапайға түспесін десек…
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде өткен кезекті қоғамдық кеңесте департаменттің сотқа дейінгі тексеру басқармасы жетекшісінің орынбасары В. Фанякин бюджеттік қаражаттың жұмсалуы барысында сыбайластық құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу, жолын кесу, анықтау секілді өзекті мәселелерге жан-жақты тоқталып, айтып берді. В. Фанякиннің айтуынша, қылмыстылық жасау жағдайының сараптамасы көрсеткеніндей, қала, аудан, басқарма мен департамант жетекшілері тарапынан бақылаудың болмайтындығы анықталды. Мәселен, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша бюджеттік қаржыларды қымқыру барысында 49 қылмыс анықталды. Соның ішінде үстіміздегі жылғы бірінші тоқсанда 5 қылмыстық іске өндіріс аяқталып, сотқа жіберілді. Бүгінгі таңда 136 сотқа дейінгі тексеру тіркелді, оның 111 яғни 82 пайызы сыбайластық жемқорлық болып табылады.
104 қылмыстың өндірісі аяқталып сотқа жіберілді, оның 96 сыбайластық жемқорлық. Сауықтыру(оңалту) негіз бойынша 214 іс тоқталды, сауықтыруға(оңалтуға) келмейтіні – 3. Тек қана сотқа жіберілген қылмыстық істер бойынша келтірілген зиянның сомасы 47,7 млн. теңге. Мемлекетке 25,1 млн. теңге қайтарылды.
Гүлназым САҒИТОВА