Қарақшылық шабуыл жасалды (БЕЙНЕ)

Қостанайда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды. Әлеуметтік желіде қарақшылық шабуылдың видеосы жарияланды. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі оқиғаның болғандығын растап берді, – деп хабарлайды Alau.kz. Оқиға 12 мамырда 02.25-те болған. 
Белгісіз бір ер адам Леонид Беда көшесінде орналасқан жанармай бекетін ғимаратының терезесінен кіріп, кассадағы ақшаны алып кеткен. 
"Тапаншаға ұқсас затпен жанармай бекетінің операторын қорқытып, белгісіз ер адам 50 мың теңге көлеміндегі қаражатты алып кеткен. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 1-бөлігі ("Қарақшылық") бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр", – деді облыстық ІІД өкілдері. 
Жедел-іздеcтіру шаралары жүргізіліп жатыр. Арнайы сот сараптамалары тағайындалған. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓