Жұбайлар өз-өздеріне қол жұмсады

Арқалық қаласында 30 сәуір күні жас жұбайлар – Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері өз-өздеріне қол жұмсады, деп жазады top-news.kz.суицид
Мұстафа мен Индира өз үйлерінің гаражында асылып өлген. Олар төрт ай бұрын үйленген екен. Екеуі Мұстафаның үйінде өмір сүрген, олармен бірге азаматтың анасы тұрыпты. Мұстафаның әкесі ол бірінші курста оқып жүргенде қайтыс болған.
Жұбайлар "Дене шынықтыру" мамандығы бойынша үшінші курста оқып жүрген. Екеуі де колледждің қоғамдық жұмыстарына белсенді араласып келген. Индира – волейболшы, Мұстафа – футболшы. Еншілерінде талай жеңіс, мақтау қағаздары болыпты. Яғни, өлімге итермелер еш себеп сезілмеген. Оның үстіне, сол күні Индираның інісі әскерден келуі керек-тін, ол бауырын күтіп жүрген.
– 29 сәуір күін біздің колледждің базасында облыстық семинар өтті. Екеуі де ашық сабаққа белсенді қатысты, – дейді колледж директоры Сандуғаш Алматова. – Біз әлі күнге олардың өмірден өткеніне сенбейміз. Полицейлер қазір суицид мәселесіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, бірақ бізге әзірге ештеңе мәлім еткен жоқ. 
Сотқа дейінгі тергеу аясында сараптама құрылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓