Шектен шыққан шекарашылар

Қостанайда шекара қызметкерлері пара алғаны үшін сот алдында жауап береді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. параҚостанай қалалық №2 сотына «Қостанай шекара рәсімдеу орталығы» шекара бекетінің 8 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Олар бірнеше бап бойынша айыпталуда: пара алуға делдалдық жасау, өзінің қызметін пайдаланып бірнеше рет пара алуға делдалдық жасауға оқталу.
Айыпталушылар өздерінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2016 жылдың 1 шілдесінен 12 желтоқсанына дейінгі кезеңде пайдакүнемдікпен бірнеше рет ақшалай сыйақы түріндегі сыртқы экономикалық қатысушылардан пара алуға жәрдемдесуге оқталған. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓