Депутаттар ұсынысына байланысты Президент өтініші іс жүргізуге қабылданды

Конституциялық Кеңес ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсыныстарына байланысты әзірленген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын ҚР Конституциясының 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде.
Конституциялық Кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓