Көктемгі дуэт

Рудный индустриялық институтында осындай атаумен өнерлі жұптар сайысы өтті.IMG_4245
Шараның салтанатты бөлімінде оқу орнының басшысы Әбдірахман Найзабеков ұжымды мамыр айының мерекелерімен құттықтап, 2016-2017 оқу жылының «Үздік академиялық топтары» мен «Үздік кураторларды» грамоталармен марапаттады. Аталмыш сайыстар факультеттердің тәрбие жұмысы жүйесін күшейтуге, топтар арасындағы сапалық көрсеткіштерді арттыруға бағытталған болатын.IMG_4257-1700x2000
Содан кейін мерекелік іс-шара «Көктемгі дуэт» сайысына ұласты. Басты мақсат дарынды жастарды анықтап, оларды жан-жақты ынталандыру. Сайыс барысында барлық қатысушылар өздері мен жұптарын бейнепрезентациялар арқылы таныстырып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Шығармашылық кезеңде жұп болып ән салып, би биледі. Сайыс қорытындысы бойынша «Мистер және Мисс көктемгі дуэт – 2017» атағына Әли Калин мен Әсел Темірханова лайық деп танылды. Қалған өнерлі жұптарға түрлі номинациялар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓