Грамоталар табыстады

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, бір топ азаматқа медальдар мен грамоталарды табыстады.
2912014_trud_i_professionalizm_1Атап айтсақ, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі табысы мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін «ССКӨБ» АҚ вице-президенті Равиль Урдубаев «Құрмет» орденіне ие болса, бірлестіктің кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Шерстобитова Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Бақытжан Темірұлы ҚР мәслихатының 20-жылдығына орай естелік медальді қалалық сот төрағасы Талғат Ибрашевқа табыстады. Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Мақсұт Досболов, «Нұр Отан» партиясының рудныйлық филиалы төрағасының орынбасары Самат Байғожин мен әкімдіктің көзге түскен бірнеше қызметкері де марапаттан құр қалған жоқ. Ерен еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін олар қала әкімінің грамоталарына ие болды.
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓