Мәңгілік алау эстафетасы

Қарасу ауданы Новопавлов ауылының мәдениет үйінде Ұлы Отан соғысының нышаны саналатын мәңгілік алауды салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті. Атаулы іс-шараның басталуы мәңгілік алауды арнайы әскери тәртіппен ортаға алаулатып алып келген соң басталды. Бұл іс-шараны көруге келген ауыл тұрғындары ауылдық мәдениет үйінің ішін лық толтырды.
Мәңгілік алау эстафетасыҚарасу ауданынан арнайы келген, Қарасу ауданы әкімінің орынбасары К.Әлімжанов жиналған барша тұрғындарды айтулы іс-шарамен құттықтай келе, бұл өткізіліп жатқан шараның өте маңызды екенін соның ішінде Ұлы Отан соғысын келер ұрпақ жастардың санасына сіңіріп, олар өздерінің жеңімпаз аталарымен мақтанып жүруі керек екендігін айтты. Бұл мәңгілік алау 2015 жылдың 9 мамырына дейін алаулап, барлық Қарасу ауданының ауылдарын аралап сосын 9 мамырда салтанатты түрде Қарасу ауданының орталығына қайтадан оралатын болады
 
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓