Жаңа аллея ашылды
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы іс-шаралар аясында Жітіқара ауданында Тәуелсіздік аллеясы ашылды. Ол қаланың 6-шы шағын ауданында орналасқан.

Рәсімге аудан әкімі Н.Өтегенов қатысып, қалалықтарды құттықтап, елдің, облыстың, ауданның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін сөз етті. Жітіқараның жылдан-жылға көркейіп келе жатқанын айтып, оған биылғы жазда спорт алаңдары, скейт-бақтар, көпбейінді хоккей корты және тағы басқа нысандардың халық игілігіне берілгенін айтты. "Қостанай минералдары" АҚ еңбек ардагері Н.Клочков та құттықтау лебізін жеткізді. Ашылу салтанаты жергілікті өнерпаздардың ән-күй шашуымен әрлене түсті.

