Жаңа саябақ ашылады

Қостанайда 1 маусымда тұрғындар мен қонақтарға арналған демалыс орны ашылады, деп хабарлайды Alau.kz. Мердігерлер мәліметінше, Гашек көшесіндегі "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жағалауы" құрылысы 95 пайызға дайын. паркЖоспарға сәйкес, саябақ бірнеше тақырыптық аймақтарға бөлінеді. Мәселен, балалардың ойнауына арналған ойын алаңдары салынады. Ол жерде шағын архитектуралық пішіндер, карусельдер, әткеншектер мен турниктер болады. Айнала абаттандырылып, 800-ге жуық көшет отырғызылады. Сондай-ақ, спорттық шараларды өткізуге арналған алаңдар да қарастырылған. Ашық амфитеатр да дайын. 
Айта керейік, ТБӨК шағын ауданындағы бұл нысан құрылысы 2013 жылы басталған еді. Жоба құны – 1 млрд теңге.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓