Пневмонияға шалдығу екі есеге азайды
ҚР Үкіметінің отырысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов екі апта ішінде аймақта пневмонияға шалдығу жағдайы екі есе қысқарғанын хабарлады.13-19 шілде аралығында пневмония диагнозымен 792 пациент, 20-26 шілде аралығында 383 пациент тіркелген. Сонымен қатар, ол осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясының жалпы аймақта 2354 жағдайы тіркелгенін, оның 1116-нан короновирустың толық белгілері анықталып, 6 адам көз жұмғанын атап өтті. Жазылғандар саны –1480 адам немесе 63%-ға тең. Бір апта ішінде аурудың өсуі 2,6% құрады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы жалпы 2 188 төсек орналастырылғанын (оның ішінде 1734-і уақытша), жұмыс жүктемесі 90%-дан 63%-ға, сондай-ақ 454 жұқпалы ауру науқастарына төсек-орын әзірленіп, жұмыс жүктемесі 53-тен 30% -ға азайғанын мәлімдеді.
Осы жылдың маусым айының басынан бастап төсек-орын қоры 4 есе өскен (512-ден 2188 төсекке дейін). Қажет болған жағдайда қосымша бункерлер орналастырылады. Осы жылдың 1 қазанына дейін Қостанайда алдын ала дайындалған технологияны қолдана отырып, 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасын пайдалануға беру жоспарда бар.