Үш дүркін ел чемпионы атанды

Айталық, сарыкөлдік жас спортшылардың 2-і бірінші орын, 1-і екінші орын ал, 4-і үшінші орындарды иеленіп қайтты. Әсіресе, солардың ішінде құрамаға алтын медаль алып берген "Сарыкөл аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің" тәрбиеленушісі, спорт шебері Лаура Әлмағанбетова Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы атанды.
Өңір намысын қорғаған өжет қызға өмірде биік белестерді бағындырып, ел мерейін асқақтата бер демекпіз!
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.