Арқалық институтына – 45 жыл

Арқалықтағы білімнің қара шаңырағының жарты ғасырға жуықтаған мерейлі мерейтойына орай «Ы. Алтынсарин атындағы АрқМПИ: дамудың жаңа стратегиялық бағыты» атты форум өткізілді.

20170427_115059

Институттың әр жылдарда бітірген түлектерінің қатысуымен өткен форумның пленарлық мәжілісі институт ректоры, география ғылымдарының докторы Сейітбек Қуанышбаевтың құттықтауымен ашылды.
Бүгінгі таңда АрқМПИ-дің қол жеткізген табыстары аз емес. Білім беру ісі мен материалдық базасы қарқындап өсіп келеді. Бұл оқу орны халықаралық рейтинг бойынша дүниежүзіндегі 26333 ЖОО арасында 14037 орында, ал Қазақстандық аккредитациялық орталықтың бағалауынша еліміздегі 131 ЖОО арасында 44-ші орында. Елдегі жеті педагогикалық ЖОО арасында төртінші орынға тұрақтаған.
Мәртебелі құттықтаудан соң институт ғалымдары, оқытушыларының алуан саланы қамтыған баяндамаларына кезек беріліп, ұлы ағартушы атындағы ЖОО жетістіктерін паш еткен бейнероликтер көрсетілді. "Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін" институт оқытушылары мен студенттері марапатталды.
Келесі кезекте "Білім беру және ғылым саласында ынтымақтастық қатынастар  туралы меморандумға" қол қою рәсімі өткізіліп, институт пен қаланың белді кәсіпкерлері, атап айтқанда: «Алюминқұрылыс», «Торғайқұрылыс» ЖШС, Мұстафин желілік теледидары сынды жек кәсіпкерліктер және қалалық білім бөлімдері екі жақты келісімге отырды.
Ұзақты күнді қамтыған шарада институт басшылығы мен жұмыс берушілердің қатысуымен "Аймақтық жоғары оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы серіктестік қатынастар: даму векторлары" тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, институт түлектері мен студенттердің қатысуымен "Бәсекеге қабілеттілік болашақ мұғалім тұлғасындағы стратегиялық қабілет ретінде" атты факультетішілік кездесулер көрініс тапты.
Форум соңында "Түлектер аллеясына" ағаш отырғызылып, институт көркемөнерпаздарының күшімен әзірленген мерекелік концерт берілді.
 
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓