Шетелге шығу шектеле ме?
Демалыстар маусымы қызған шақ. Туристік фирмаларда жұмыс жанданып, әуебилеттерін сату бойынша бірнеше сату жұмыстары жүргізілген кез. Дегенмен, кез келген тұрғынға қатысты шет елге шығуға тыйым салынуы мүмкін. Ал өз кезегінде сіз бұл туралы шекаралық бақылаудан өту кезінде бір-ақ білесіз. Әрине ұшаққа отырарда шетелге шығуға тыйым салынғанын білу ешкімді қуантпасы анық. Нәтижесінде, ақшаңыз құр кетіп, өзіңіз жолдамасыз қаласыз. Осы фактілер бүгінгі таңда жиілеп кетті. Осыған байланысты, халықтың сауаттылығын арттыру бойынша бірнеше міндеттер қойылып отыр. Шетелге шығуы шектелген адамдардың тізіміне қалай түспеу керек және егер сіз борышкерлер тізімінде болсаңыз не істеу керек?
Заңның 33-бабына сәйкес борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы 20 АЕК астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ, мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың ҚР шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.
Елден тыс шығудан бас тартудың басты себебі – атқару құжаттарын орындамау, борыш, қарыз. Осылайша, егер сіздің мемлекет алдында салықтар, айыппұлдар немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгінуге дейін апарған қарыздарыңыз болса, неғұрлым сақ болу қажет. Төлемеуші деп алименттерді немесе жолақы айыппұлдарын төлемеген, сонымен қатар қаланың коммуналдық қызметтеріне қарызы бар адам саналуы мүмкін. Шетелге шығу шектелген адамдардың тізіміне азамат сот орындаушысының қаулысы бойынша енгізіледі. ҚР борышкердің шығуына уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы сотпен санкциялауға жатады. Сот санкциялағаннан кейін сіз қаулының көшірмесін аласыз, сондай-ақ, оны ҚР ҰҚК шекара қызметі алады, ол сізді қарызыңыздың өтелуі базада расталғанға дейін шекарадан шығармайды.
Егер атқару құжаты сот актісі болып табылмаса және сот актісінің негізінде берілмесе (мысалы, атқарушы парақтар немесе хаттамалар), онда өндіріп алушы немесе мемлекеттік сот орындаушысы борышкер үшін ҚР шығуды уақытша шектеу туралы ұсыныспен сотқа жүгінуге құқылы. Бірақ, бұл жағдайда шешімді сіздің қатысуыңызсыз шығаруы мүмкін екенін ескерген жөн, сол себепті қарыз, айыппұлдар, баж алымдарын және коммуналдық төлемдер қызметтер үшін төлемді істі сотқа жеткізбестен уақытылы төлеген дұрыс.
Атқарушы өндірістер бойынша борышкерлердің тізіліміне сот орындаушысы атқарушы құжаттарды ерікті орындауға мерзім аяқталғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде борышкердің мәліметтерін жібереді. Шығуға уақытша шектеу атқару өндірісі тоқтатылғаннан кейін ғана жойылады. Егер атқару өндірісі Заңның 47-бабына сәйкес тоқтатылса, онда қосымша атқару санкциясының 10% төлеу қажет.
Серік Сарбасов,
Қостанай облысы әділет департаменті әкімшілік айыппұлдар және
коммуналдық қызметтерді өндіріп алу бойынша аумақтық бөлімі филиалының жетекшісі