Шіркеуге ұры түсті
Лисаков қаласында православ шіркеуіне ұры түсті. Діни қызметкерлердің айтуынша, қасүнем түн жамылып келіп, садақадан жинақталған қаражат пен құрылысқа қажетті құрал-саймандарды қолды еткен. Осылайша, жергілікті шіркеу 150 мың теңге көлемінде шығынға ұшырады. Дер кезінде қалалық полицияға хабар беріліп, із суытып үлгерген ұрыны іздестіру амалдары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік көктем мезгілінде Лисаковтағы "Әс Сәләм" мешітіне де ұры түсіп, 300 мың теңге көлемінде қаражатты сейфтен жымқырып кеткен болатын. Ол да әлі күнге қолға түскен жоқ.