Ауыл балалары көрмеге тегін барады

Федоров ауданына қарасты Пешков орта мектебінің оқушылары Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне тегін баратын болды. Оқушылардың Астанаға сапарына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаты, «Трояна» ЖШС директоры Юрий Малышко, аудандық мәслихаттың депутаты Татьяна Пфунт, «Музыченко Н.П» шаруа қожалығының басшысы Николай Музыченко демеушілік жасамақшы.P1440689«Мен осы ауылда туып өстім. Осында ауыл мектебін бітірдім. Мұндай көмекті біз алғашқы рет көрсетіп отырған жоқпыз. Біздің округте бизнестің және жергілікті биліктің әлеуметтік мәселелері бойынша өзара қарым-қатынасы жақсы қалыптасқан. «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне дайындық басталған кезде, туристік сапарлар іске қосылғаннан кейін балаларды көрмеге жіберсек деген идея туды. Астанада өтетін «Экспо-2017» көрмесі «Болашақтың энергиясы» тақырыбына арналған. Сондықтан халықаралық көрме біздің балаларымызға, олардың болашағына арналған деп есептеймін. Барлық кәсіпкерлерді игі істерге қосылуға шақырамын»,-деп атап өтті облыстық мәслихаттың депутаты Юрий Малышко.P1440691Пешков орта мектебінің ата-аналар комитетінің мүшелері «Нұр Отан» партиясы Федоров аудандық филиалының Қоғамдық қабылдауында болып, "ЭКСПО-2017" көрмесіне оқушыларды апаруға көмек берулерін сұраған еді. Партиялықтар ата-аналардың бұл өтінішін ескеріп, демеуші тартты. Жомарт жандар бес жүз мыңнан астам теңге қаражат жинап, 45 дарынды оқушы, көпбалалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, спортшылар мен мектеп белсенділеріне халықаралық көрмені көріп келуге мүмкіндік жасап отыр.P1440674
P1440683-Мен мектептің, ауылдың қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысамын. Сабақты жақсы оқимын. Менің азғантай жетістіктерім үшін халықаралық көрмеге тегін  қатысуға мүмкіндік бергедеріңіз үшін рахмет айтамын. "ЭКСПО-2017" көрмесі туралы көп естіген болатынмын. Менің білуімше, сол көрмеге «Цирк дю Солей» қатысады. Оның қоятын шоуын көретініме өте қуаныштымын», – дейді Пешков орта мектебінің 8-сынып оқушысы, оқу озаты Кристина Шляхова.
P1440665Мектеп әкімшілігінің және ата-аналар комитетінің мүшелерінің айтуынша, "ЭКСПО-2017" көрмесіне баратын оқушылардың саны алдағы уақытта көбейеді. Бүгінде қосымша 35 оқушыны Астанадағы көрмеге тегін апару үшін демеушілік көмек мәселесі қарастырылуда.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓