“Мен қазақпын” мегажобасы басталмақ
Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Мен қазақпын" атты xалықаралық мегажобаның басталатынын жариялады.Байқаудың басты мақсаты – қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу. Ол үшін арнайы топ әрбір облысты аралап, жобаға қатысушыларды іріктейді. Оқ бойы озық шыққандар телевизиялық байқауға жолдама алады. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі – 18 бен 40 жас аралығы. Сондай-ақ саxнаға шығатын өнерпаздардың киімі қазақы үлгіде әрі бүгінгі заман талабына сай болуы тиіс. Жобаға Қазақстан азаматтарынан бөлек, Ресей, Қытай мен Моңғолия жерінде тұратын қандастарымыз да қатыса алады.
"Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Кариннің айтуынша, байқаудың алғашқы іріктеу турлары 5 маусымда Алматы облысында басталады. Ал шет елдердегі конкурстар шілде айында ұйымдастырылмақ. Осыдан кейін көрермен қауым байқаудың күнделігі мен негізгі конкурсын теледидардан көре алады. Жеңімпаздар "Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі", "Жылдың ең үздік термешісі" және "Жылдың ең үздік күйшісі" аталымдары бойынша марапатталады.