ЭКСПО-ның билетін Қостанайдан алыңыз!
Қостанайда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің билеттері сатыла бастады. Ресми касса қаламыздағы «Март» сауда, ойын-сауық орталығында орналасқан.
Касса сенбі күні, 25 наурызда сағат таңертеңгі онда салтанатты түрде ашылды. Оның жұмыс уақыты «Март» сауда орталығының күнделікті жұмыс кестесіне сәйкес келеді. Билеттердің бағасы 4-8 мың теңгенің аралығын қамтиды.
-Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер, алты жасқа дейінгі балалар, жетім балалар көрмені тегін тамашалай алады. Оқушыларға, студенттерге, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына, зейнеткерлерге 50%-дық жеңілдік қарастырылған,-деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инниовациялық даму басқармасының туризм және лицензиялау бөлімінің басшысы Талғат Кутенбаев.
Еліміздегі «Қазпоштаның» 600-ден астам бөлімшесінде билеттер бар. Сондай-ақ EXPO-2017 көрмесінің ресми сайтынан да электронды түрде алуға болады.
Касса сенбі күні, 25 наурызда сағат таңертеңгі онда салтанатты түрде ашылды. Оның жұмыс уақыты «Март» сауда орталығының күнделікті жұмыс кестесіне сәйкес келеді. Билеттердің бағасы 4-8 мың теңгенің аралығын қамтиды.-Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер, алты жасқа дейінгі балалар, жетім балалар көрмені тегін тамашалай алады. Оқушыларға, студенттерге, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына, зейнеткерлерге 50%-дық жеңілдік қарастырылған,-деді облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инниовациялық даму басқармасының туризм және лицензиялау бөлімінің басшысы Талғат Кутенбаев.
Еліміздегі «Қазпоштаның» 600-ден астам бөлімшесінде билеттер бар. Сондай-ақ EXPO-2017 көрмесінің ресми сайтынан да электронды түрде алуға болады.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
























