Қиялға қанат қақтырып

Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың әдебиеттер бөлімі “ЭКСПО-сити: болашақтың үлгісі” атты көрмені көпшіліктің назарына ұсынды. IMG_1719Көрме түрлі техникалық модельдермен толыққан. Оның барлығын қалалық техникалық шығармашылық мектебінің оқушылары істеген. Әрбір экспонаттан баланың қиялын көруге болады. Түрлі тақырыпты қамтыған заттар өзінше керемет. Оларды тоққа қосса өз бетінше қозғалып, адамды таң қалдырады.
–Көрмеге 40-қа жуық зат қойылды. Қазіргі оқушылар техника тілін жақсы меңгеріп алған. Көрменің атауы да болашаққа арналған. Оқушылар өздерінің қиялдары арқылы болашақта әлем қалай өзгеретінін көрсеткісі келгендей. Көрменің салтанатты ашылуы әлі болған жоқ. Десе де келіп тамашалап жатқандар аз емес, – дейді кітапханашы Шынар Шалғымбаева.
Аталмыш мектептің оқушылары үнемі ізденіс үстінде. Олар робот, авия, кеме сияқты бағыттағы макеттерді жасауға шебер. Балаларды Астана төрінде өтіп жатқан дүниежүзілік көрме шабыттандырса керек.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суретті түсірген А.ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓