Есірткі тасымалдаушы ұсталды
45 жастағы Қазақстан азаматы Қазақстан-Ресей шекарасынан есірткі алып өтпек болған. "Обаған авто" өткізу пунктінің әскерилері қызметтік иттің көмегімен 40 грамм марихуананы екі ел арасында тасымалдамақ болған қазақстандықты ұстады. Айыпты азамат "Фольксвагенй көлігінде болған. Есірткі зат жеке заттарын қарау барысында, шалбарының қалтасынан табылды. Аталған дерек бойынш Ұзынкөл аудандық ІІБ-не хабарланды.