Республикаға жолдама алды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақ күресінен ересектер арасында 4 республикалық турниріне баратын жолдама сарапқа салынды.




Сонымен бірінші орынды Жанкелдин ауданы Оспан қожа әулие мешітінің өкілі Жұмахан Қасымханов жеңіп алды. Екінші орынды Алтынсарин ауданы Алдиярұлы Жанұзақ мешіті атынан қатысқан Берік Таласов иеленді. Үшінші орынды Жітіқара ауданы Ержан Тәтішев мешітінің жамағаты атынан шыққан Әділ Есжанов қанжығасына байлады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі.