Сауда үйі өртенді

Қостанайда орталық базар маңындағы ойыншық қоймасынан өрт шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.өртОқыс жайт облыс орталығында "Отау-сауда" сауда үйінде болған. Облыстық ТЖД кезекші бөліміне 3 қабатты дүкеннің жанып жатқаны туралы хабар түскен.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 14:41-де жетті. Өрт ғимараттың жертөле қабатындағы ойыншық сақтайтын қоймадан шыққан. Құтқарушылар жеткенше ғимарат әкімшілігі 116 адамды қауіпсіз жерге көшірген», – дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі есептелуде.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓