Дүкеннен өрт шықты (БЕЙНЕБАЯН)

Қостанай қаласындағы «Атлант» дүкенінде өрт шықты. Оқыс оқиға кезінде  8 адам сол ғимараттың жертөлесінде қалып қойған, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 20170428194416.jpgҚостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінде атап өткендей, адамдар жертөледен шығатын жер болмағаннан кейін қамалып қалған.
 
 
«Құтқарушылар есікті ашып, оларды қауіпсіз жерге шығарды, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. – Сондай-ақ, құтқарушылар жертөледен 50 литрлік екі газ баллонын шығарған. Дүкеннің электрқалқан бөлмесі, асүй жиһазы, үстелдер, орындықтар, пластмасс ыдыс, есік жақтауы, сатының ағаш конструкциялары жанған. Жалпы, жалын 35 шаршы метрді шарпыды».

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓