113 адам өртпен арпалысуда

Өрт 17 шілдеде сағат 13.00 шамасында басталған. Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығында құрғақ шөп тұтанған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. Без названия (1)Тілсіз жаудың алды әлі алынған жоқ. Бірақ құрбандар мен жапа шеккендер де жоқ. Өрттің шығу себебі нақтылану үстінде. 
"Сол күні 20.30-да қорық директоры тікұшақпен өрт болып жатқан жерді жоғарыдан бақылады. Жалын шарпыған аумақтың 1000 гектарды қамтығаны анықталып отыр", – делінеді хабарламада. 
Өрт сөндіруге қорықтың, жергілікті атқарушы органдардың және ТЖД-нің 113 қызметкері және 26 техника жұмылдырылған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓