Тұрғын үй-құрылыс саласына қатысты жиын
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының 35 бөлігін талдау бойынша семинар өтті. Оны «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы 18 сәуір күні өткізді. Жиынға қостанайлық филиалдың өкілдері де қатысты. «МЖӘ қазақстандық орталығы» АҚ, «НҰХ Бәйтерек» АҚ, «Қазақстан су арнасы» мекемесі қатысқан семинарда тұрғын үй-құрылыс саласындағы бірнеше мәселелер қозғалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы Қазақстан халқына Жолдауында: «Кәсіпкерлікті дамытуға Мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік береді. Бұл жерде әңгіме бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске беру ісіне қатысты болып отыр» деді.
Жалпы, «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты, аталған заң 2015 жылы қабылданды, жеке меншік секторы концессиясының тетігін пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржылық және технологиялық ресурстарды инвестициялауға мүмкіндік беретін құқықтық базаның негізін қаланды.
МЖӘ жобаларының тартымдылығы мен келешегін нығайта түседі. Бизнес үшін жаңа әрі айтарлықтай кең көлемді нарық есігін ашады. Сондықтан да жаңа заң көп жақты шарттар жасауға мүмкіндік береді. Оған жеке меншік тарапынан да, мемлекет тарапынан да бірден бірнеше тұлға қатыса алады. Егер бұрын МЖӘ нысаны ретінде тек жылжымайтын мүлік қаралса, қазір жаңа технологиялар, инновациялар, зияткерлік меншік нысандары сияқты түрлі зерттемелер осы қатардан табылады.
Жиналыс барысында қазақстандық МЖӘ орталығының өкілдері мәлімдегендей, бүгінде мемлекет жаңа заңнамалық құралдар арқылы жеке меншік секторға жобаны жүзеге асырудың күллі айналымын беруге дайын: идея, жобалау, қаржыландыру, жасақтаудан бастап, одан кейінгі қызмет көрсетуге дейін. Жобаның өмірлік циклына кіретін дүниенің бәрі мемлекеттен жеке меншік секторға берілуі мүмкін. Оның үстіне, егер мемлекет күрделі шығындарды іске асырып, кейін қызмет көрсету жөніндегі қызметтер сатылып алынса, онда бүгінде сервистік келісімшарттар аясында сервистік үлгіге көшіп, қызметтерді жеке меншік сектордан сатып алуға болады. Мәселен, мұндай келісімшартты ақпараттық технологиялар саласында қолдануға болады.