Қос азаматтықты пайдаланып келген
Қостанай ауданының тұрғыны осы уақытқа дейін қос азаматтықты пайдаланып келген. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
2010 жылдың желтоқсанында әлгі азамат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және төлқұжатын алған. Ал келесі жылдың наурызында Челябі облысы бойынша Ресей Федералдық Көші-қон қызметінің басқармасынан Ресей азаматының төлқұжатын алып, Ресей азаматы атанады.
Хабарламада атап өтілгендей, Ресейге шығар кезде ол ҚР азаматтығын куәландыратын құжаттарды тұрақты мекенжайына Қостанай АІІБ көші-қон полициясына тапсырмаған. Ал ішкі істер органы оны тексермеген. Осылайша, бірнеше ретмемлекеттік шекарадан өтіп жүрген. Сөйтіп ол ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 380-2 бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылыққа жолберген.
«Қазіргі уақытта ҚР азаматының жеке куәлігін растайтын құжаттар тәркіленді, ал азамат 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Шұға Қоңқабай