“Сүйемін” деп сөз берген…
29 жастағы қарабалықтық азамат тәртіп сақшыларына қалтасынан 75 мың теңгесі жоғалғанын айтып шағымданған. Кейін анықталғандай, ұры оның нақсүйері болып шықты. Жәбірленуші сұғанақ арудың "сезіміне" құлай сенгенін айтады. Олар оқиғаға дейін қонақүйден бөлме жалдап, спирттік ішімдік пен ас-ауқат алған. Жігіт көз ілісімен, 28 жастағы қыз оның қалтасын "тазалап", өзінің заңды күйеуіне асықса керек. Қылмысы әшкере болғанша, ол "олжасын" түгел жұмсап үлгеріпті. Тәуір басталып, тәмамдалмаған "махаббат хикаясы" әкімшілік жазаға ұласты.