Қаржы қайда жұмсалмақ?

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс VI сессиясында 2017-2019 жылғы бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Спановтың айтуынша, қаржының басым бөлігі өзгеріссіз қалады, тек кейбір шығындарды бөлу керек.IMG_2235 - копия-Үнемдеудің, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің арқасында қалған басқа да жобаларға 2, 123 млрд теңге көлемінде қаржы бөлуге мүмкіндік туды,-дейді ол.
Соның ішінде 1 млрд теңге Қостанайдағы орталық стадионның жөндеу жұмыстарына кетпек. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың сөзіне сүйенсек, стадион мүлдем жаңа кейіпке енбек.
Қалған қаржыны Майлин және Совхозный көшелеріндегі қос үйді абаттандыруға, сонымен қатар 2018 жылдан бастап медициналық ұйымдарда енгізілетін міндетті сақтандыру жұмыстарына байланысты өңірдегі 7 медициналық мекемеде ақпараттық жүйенің пилоттық жобасын жасауға жұмсалмақ. Облысқа қарасты 7 ауданда Жұмыспен қамту орталықтарындағы ұзын-сонар кезекті электронды түрге ауыстыру үшін 24 млн теңге бөлінеді. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларын портативті бейнебақылау құрылғысымен қамтамсыз ету жоспарланған.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓