Талтүстегі тонау

Қостанай ауданының Заречный кентіндегі жеке тұрғын үйді тонап кетті. Бұл туралы alau.kz тілшісі жазады. Ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі растаған.ворЗаречный кентінің Солтүстік шағын ауданында беймәлім азамат иесіз үйдің пластик терезесін қайырып ашып, ішке енген. Қаскүнем үйден ақша мен бағалы бұйымдарды жымқырып кеткен. Шығын сомасы – 250 мың теңге. 
Қазіргі уақытта полицейлер күдіктіні анықтау үшін жедел іздестіру шараларына кірісті. ҚР ҚК 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүрзігілуде.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓